Білім • Бүгін, 16:58

Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды

2 мин
оқу үшін

Астанада жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 547 оқушы қатысып, нәтижесінде 240 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

?Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша өткізілді.

Республикалық олимпиада

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың пәндік олимпиадаларға қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды анықтау және олардың зияткерлік әлеуетін дамыту. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу мен даярлау, елімізде білім беру беделін арттыру көзделген.

Төрт күнге созылған білім додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.⚡️ Нәтижесінде 45 оқушы I орын, 76 оқушы II орын, 119 оқушы III орын иегері атанды.?

Командалық есеп бойынша екі бағытта да үздік командалар анықталды.?

Республикалық олимпиада

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бойынша гран-при «NIS» ДББҰ командасына бұйырды. I орын – Алматы қаласы командасына, II орын – Түркістан және Жетісу облыстары командаларына, III орын – Шымкент қаласы, Павлодар, Маңғыстау және Ақмола облыстары командаларына берілді.

Жаратылыстану-математикалық бағытта гран-при Атырау облысы командасына табысталды. I орын «NIS» ДББҰ және Алматы қаласындағы КеАҚ «РФММ» командаларына берілді. II орын – Павлодар және Маңғыстау облыстары командаларына, III орын – Астана қаласы және Ақтөбе облысы командаларына бұйырды.✅

Олимпиада қорытындысы еліміздегі дарынды оқушыларды қолдау жүйесінің тиімділігін және өңірлер арасындағы білім сапасының жоғары деңгейін көрсетті.

Айта кетейік, Астанада географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды.

Соңғы жаңалықтар