Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадион 4 маусымда ашылады
<p>Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Бас прокурор Берік Асыловпен бірге құрылысы толық аяқталған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы әйгілі стадионды аралап көрді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұған дейін 25 мамырға жоспарланған техникалық ашылу рәсімі жаздың басына ауыстырылды. Қазіргі уақытта нысан №8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің балансына беру үшін заңдық рәсімдерден өтуде.
Стадионның толық ашылуы Қазақстан жасөспірімдер футбол чемпионатының басталуымен тұспа-тұс келеді. Турнирде елдің ең мықты 15 командасы бақ сынайды.
Жаңартылған спорт кешенінің аумағы шамамен 19 мың шаршы метрді құрайды және 3600 көрерменге арналған. Нысан UEFA-ның 4-санатына толық сәйкес келеді.
Тарихы 1936 жылдан бастау алатын стадионды жаңғырту жұмыстарына 17 млрд теңге жұмсалған. Айта кетейік, бұл қаражат мемлекетке қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен арнайы мемлекеттік қордан бөлінген.