Білім
1 мин оқу 40

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

<p>Астанада бүгін, 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
• 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Бөлісу: