Қоғам
1 мин оқу 50
Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар
<p>Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінің жол бөлігінде автокөлік өртенген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен апаттар медицинасы Орталығының қызметкерлері келген.
Куәгерлердің алдын ала ақпараты бойынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін автокөлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейіннен өрт шыққан. Соның салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше автокөлік зақымданған.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталуда.
Бөлісу: