Фото: Ашық дереккөз
Рейтер агенттігінің мәліметінше, консорциум 2026 жылғы маусым айына арналған CPC Blend мұнайының экспорт жоспарын бұрынғы тәулігіне 1,45 миллион баррельден 1,7 миллион баррельге дейін (айына шамамен 6,5 миллион тонна) ұлғайтты. Бұл шешім Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының 2027 жылға ауыстырылуына және Теңіздегі өндірістің қалпына келуіне байланысты қабылданған.
Сонымен қатар Қазақстан 1 мамырдан бастап Германияға мұнай экспортын тоқтатып, босап қалған көлемдерді КҚК жүйесіне бағыттады.
Қазақстан мұнай экспортының баламалы бағыттарын кеңейтуді қарастырып жатыр
КҚК 2026 жылы мұнай тиеу көлемін 72 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 70,5 миллион тонна болған.
Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады. Оның негізгі бөлігі Каспий маңындағы ірі кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндіріледі.
Бұған дейін Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынатыны туралы айтылған.