Елорда
1 мин оқу 60

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

<p>Сарайшық ауданында Ж. Нәжімеденов көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасының ішінде өрт шықты. Алдын ала дерек бойынша, кондиционер мен жылу оқшаулағыш материал жанған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері небәрі 4 минутта жеткен. Жағдайды бағалаған құтқарушылар дереу іске кірісіп, өртті 6 шаршы метр аумақта сөндірген.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Еске салайық, бүгін таңертең Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар үйден 3 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Сондай-ақ Семейде саяжай өртенді. Құтқарушылар жанып жатқан саяжайдан екі газ баллонын алып шықты.

Бөлісу: