Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
<p>Әлем чемпионатының H тобындағы Испания құрамасы мен Кабо-Верде құрамасы алғашқы ойындарын өткізді. Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium стадионында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Испания мен Кабо-Верде арасындағы ойында жанкүйерлер бірде-бір гол көрмесе де, тартысты ойынға куә болды. Испания тарапынан қаншама өткір шабуылдар жасалды. Бірақ Кабо-Верде қорғаныста күшті екендігін көрсетті. Испандықтар ойынның басым бөлігінде допқа иелек етіп, шабуыл жасағанмен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Қорытынды есеп 0-0.
Футбол халық ойыны болуы керек: Дюгарри әлем чемпионатын сынға алды
Айта кетейік, H тобының 2-турында Испания құрамасы 21 маусым күні Сауд Арабиясымен кездеседі, ал 3-турда 27 маусым күні Уругвай құрамасына қарсы ойнайды.
Кабо-Верде құрамасы болса 2-турда 22 маусымда Уругвай құрамасымен ойнаса, 3-турда 27 маусым күні Сауд Арабиямен доп тебеді.