Спорт
1 мин оқу 70

Бельгия мен Мысыр тең тарқасты

<p>Футболдан әлем чемпионатының G тобындағы 1-тур аясында өткен Бельгия мен Мысыр &nbsp;құрамасы арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бельгия мен Мысыр тең тарқасты

Кездесу АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Lumen Field стадионында өтті. Ойынға бразилиялық Рамон Абатти бас төрелік жасады.

Кездесудің 20-минутында Эмам Ашур есеп ашып, Мысыр құрамасын алға шығарды. Алайда 66-минутта Мохамед Хани өз қақпасына өзі гол соғып алып, таразы басын теңестіріп берді. Осылайша автогол мысырлықтарды жеңістен айырды. Кездесу соңына дейін таблоға өзгеріс енген жоқ. Қорытынды есеп 1-1.

Осы нәтижеден кейін Бельгия мен Мысыр құрамалары бір-бір ұпайдан еншіледі.

Бөлісу: