АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен ойынның алғашқы таймында ешкім гол соға алмады. Тек екінші таймның 66-минутында Мбапе есеп ашқаннан кейін француз командасының ойыны жүре бастады. Франция сапынан алаңға тыңнан қосылған Баркола есепті 2-0-ге жеткізді. Сенегалдықтар қосымша уақытта бұған Мбаппе әдемі жауап қайтарды. Кездесу аяқталуға жақын қалғанда Мбапе дубль жасап, Франция құрамасын сенімді түрде алға шығарды.
Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Франция 2-турда Иракпен ойнап (23 маусым), ал 3-турда Норвегиямен (26 маусым) кездеседі. Өз кезегінде Сенегал құрамасы 2-турда Норвегиямен (23 маусым), 3-турда Иракпен (26 маусым) жолығады.
Топтық кезең 11–27 маусым аралығында өтеді. Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі құрама, сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік сегіз құрама жолдама алады.