Әлем
1 мин оқу 60

Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті

<p><strong>Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырудың расталған жағдайларының саны 808-ге жетті. Тағы 192 науқас көз жұмды. Бұл туралы елдің Ұлттық денсаулық сақтау институты мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті

Сонымен қатар Конго елінде 50-ден астам адам бұл қауіпті дерттен айығып шықты.

Эбола вирусының таралу қаупі жоғары 10 ел аталды

Эпидемияның негізгі ошағы – елдің шығысындағы Итури провинциясы. Мұнда тіркелген жағдайлар жалпы сырқаттану көрсеткішінің 90%-дан астамын құрайды.

Жағдайды күрделендіріп отырған тағы бір мәселе – індетті жұқтырған азаматтардың медициналық көмекке жүгінбеуі және олармен байланыста болғандарды анықтау.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Сондай-ақ вирустың таралуын тежеуге медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар мен өңірдегі жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар кедергі келтіріп отыр.

Бұған дейін Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жеткені туралы туралы хабарланған еді.

Бөлісу: