Әлем • Бүгін, 10:10

АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды

2 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран президенті Масуд Пезешкиан Версальда 60 күндік өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Бұл құжат АҚШ, Израиль және Иран арасындағы мыңдаған адамның өмірін қиған әрі энергетикалық дағдарысқа әкелген соғысты тоқтатуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды

Фото: 1news.az

Вашингтон бұл құжаттың АҚШ үшін заңдық міндеттемесі жоқ екенін және Иран шарттарды бұзса, әуе шабуылдары қайта басталатынын ескертті. 60 күн ішінде тараптар түпкілікті бейбіт келісімді әзірлеуі тиіс. 

Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады 

BBC мәліметінше, Меморандумның 6 негізгі тармағы:

– Әскери іс-қимылдарды тоқтату: Ливанды қоса алғанда, бүкіл өңірдегі барлық әскери операциялар дереу тоқтатылады.

Теңіз қоршауын алу: АҚШ 30 күн ішінде Иран порттарының қоршауын алып тастайды, ал түпкілікті келісімнен кейін әскерін шекарадан әкетеді.

Ормұз бұғазын ашу: Бұғаз 60 күнге еркін өту үшін ашылады. Кейін аймақ елдерімен бірлескен ұзақ мерзімді келісім жасалады.

Қалпына келтіру қоры: Иран экономикасын дамыту үшін кемінде 300 млрд доллар көлемінде қор құру жоспарланып отыр (АҚШ бұған тікелей қаржы құюға міндеттелмеген, тек бағдарлама әзірлеуге ниетті).

Санкцияларды жою: АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияларды алып тастауға уәде береді (кестесі кейінірек нақтыланады).

Ядролық қарудан бас тарту: Иран ядролық қару жасамайды және өзіндегі байытылған уран қорларын жоюға келіседі.  

Еске сала кетейік, Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар Ливанда атысты тоқтату жөнінде де келісімге қол жеткізілгені айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Спорт • Бүгін, 09:20