Футбол • Бүгін, 10:28

Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті

2 мин
оқу үшін

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі L тобының алғашқы турында Гана құрамасы Панаманы 1:0 есебімен жеңді. Торонтода өткен кездесудің тағдырын қосымша уақытта соғылған жалғыз гол шешті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті

Фото: championat.com

Матчтың алғашқы бөлігінде Панама белсенді ойын өрнегін көрсетіп, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алғашқы мүмкіндіктердің бірінде Сесилио Уотерман айып алаңынан соққы жасағанымен, Гана қақпашысы Бенжамин Асаре сейв жасап, командасын құтқарды. Ізінше Джовани Рамос та есеп ашуға мүмкіндік алғанымен, доп қақпа маңдайшасынан асып кетті.

Осылайша үзіліске дейін қос құрама есеп аша алмай, бірінші таймды 0:0 есебімен аяқтады.

Екінші таймда Гана ойын тізгінін өз қолына алып, шабуылдарын үдете түсті. Дегенмен Панама қорғаныста сенімді ойнап, қарсы шабуылдармен қауіп төндіріп отырды.

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды

60-минутта Гананың бас бапкері Карлуш Кейруш бірнеше ойыншыны алмастырып, алаңға Брэндон Томас-Асантені шығарды. Томас-Асанте алаңға шыққаннан кейін шабуыл шебінде белсенділігімен көзге түсті.

61-минутта ол оң қапталдан сытылып шығып, Джордан Айюға тамаша пас шығарды. Алайда Панама қорғаушысы Джовани Рамос соңғы сәтте допты қақпа сызығынан шығарып үлгерді.

Кездесу соңында қосымша уақыттың 5-минутында Гана жеңіс голын соқты. Томас-Асанте сол қапталдан айып алаңына еніп, Калеб Йиренкиге дәл пас берді. Шабуылшы жақын қашықтықтан мүлт кетпей, өз құрамасына 3 ұпай сыйлады.

Осылайша Гана әлем чемпионатын жеңіспен бастап, L тобындағы турнирлік жағдайын жақсартты. Келесі турда 24 маусым күні Гана Англиямен кездессе, Панама Хорватияға қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, бұл топтағы Англия мен Хорватия құрамасы арасындағы ойын ағылшындар пайдасына 4:2 есебімен аяқталған болатын. Матчта Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн дубль авторы атанып, әлем чемпионаттарындағы 10-голын соқты.  

Соңғы жаңалықтар