Оқиға • Бүгін, 15:47

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласындағы су айдындарының бірінде қайғылы оқиға болды. Шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен 16 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кезінде жасөспірімнің жанында екі досы болған. Олар болған жағдай туралы құтқару қызметіне хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізген.

«Қайғылы оқиға болған аумақ суға түсуге арналмаған және демалушылар үшін қауіпті саналады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кеткенін хабарлаған болатын. Олардың басым бөлігі, яғни, 16-сы балалар.

Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылуға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50