Салық
2 мин оқу 40

Салық төлеудегі тың тәсіл

<p style="text-align: left;">Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 18-отырысы өтті. Жиында құжаттағы ең көп талқыланған нормалардың бірі &ndash; нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналымда пайдаланылатын ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды.</p>

Салық төлеудегі тың тәсіл

Мәселе, Салық кодексінің 484-бабында көзделген экспортқа шығарылатын осы өнімдер бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80 пайызға азайту нормасына қатысты. Сала­лық қауымдастықтар, ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілер мен экспорттаушылар экспорттық жеткізілімдерге ҚҚС-ны толық өтеу тетігін сақтаудың маңызын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл қадам отандық аграрийлерге қосымша қолдау көрсетіп, отан­дық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайта түседі.

Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экс­порт­таушылар үшін есепке жат­қызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни Салық кодексінің 484-бабының осы нор­масы жойылады. ҚҚС-ны қай­таруға қойылатын талаптар­дың негізділігі «пирамида әдісі» деп аталатын салық­тық тексерумен рас­талады. Бұл тауар қозға­­лысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруа­шы­лығы өндірушісінен экспорт­таушыға дейін бақылауға мүмкін­дік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ны толық көлемде қайтара алады.

Есепке алу ҚҚС түзету жөніндегі норманы енгізу кезінде бір мезгілде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңіл­дік кеңейтілді: бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын азайту мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғай­тылды. Экспорттық ҚҚС-ны қай­тарудың бұрын қолданыста бол­ған тетігін сақтау туралы шешім қабылданғандықтан, жеңіл­діктің бұрынғы мөлшері – 70%-ды қалпына келтіру ұсынылады.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп ҚҚС қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалану тетігін пысықтап жатыр. Оны енгізу жұмысы биыл аяқталуға тиіс. Бұл құ­рал ең алдымен экспорт­таушы­ларға бағытталған және ҚҚС қайта­ру мерзімін едәуір қысқартуға мүмкін­дік береді. Бұл ретте оны қол­дану тек ерікті сипатқа ие: бизнес ҚҚС қайтарудың қолданыстағы тәртібі мен цифрлық теңгені пайдалану тетігі арасында таңдау жасай алады. 

Серік Жұманғарин атап өткендей, шешім қабылдау кезінде салалық қауымдастықтардың, ауыл шаруа­шылығы тауарын ө­н­­дірушілер мен экспорт­таушы­лардың ұсынысы ескерілді. Таңдалған тәсіл аграрлық секторды қолдаудың қолданыстағы шараларын сақтауға, экспорттаушылар үшін тұрақты және болжамды жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Салық төлеудегі тың тәсіл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар