Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды
<p>Астана қаласында құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адам қолға түсті. Полиция мәліметінше, олар екі апта бойы кәсіпкерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен. Бастапқыда сұралған сома уақыт өте келе ұлғайып, ақыры 80 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдіктілер кәсіпкерді талабын орындамаған жағдайда компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялаймыз деп қорқытқан.
Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде бопсалаушылар ақша алу кезінде ұсталды.
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Тергеу барысында ұсталғандардың бірінің адвокат екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.