Қоғам
1 мин оқу 50

Астанада автобус пен пойыз соқтығысты

<p data-start="0" data-end="142"><strong>Астанада Лесозавод ауданындағы теміржол өткелінде №30 қоғамдық көлігі пойызбен соқтығысты. Полиция автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада автобус пен пойыз соқтығысты

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Iveco» автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өтіп бара жатып, жүріп бара жатқан тепловозға жол бермеген.

«Апат салдарынан автобус инерциялық жағдайда Hyundai автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ. Осы факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Аталған іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл бап теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзуға қатысты.

Енді автобус жүргізушісі 9 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу: