Президент
1 мин оқу 50

2,3 миллиард доллар аударылды: Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы айтты

<p><strong>Мемлекет басшысы &laquo;Ұлттық қор &ndash; балаларға&raquo; бағдарламасы бойынша үш жыл ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылғанын атап өтті. Сондай-ақ елімізде &laquo;Келешек&raquo; жинақтау жүйесі іске қосылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

2,3 миллиард доллар аударылды: Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы айтты

«Біз арнайы конституциялық нормаға сүйене отырып, табиғи байлықты азаматтардың бастапқы капиталы ретінде бекіттік. Қазақстан – осындай бірегей бастаманы іске асырған аймақтағы алғашқы мемлекет. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Бұл жобаның тиімділігі жоғары: үш жылдың ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылды. Сондай-ақ біз қамқорлық шараларының нақты жалғасы ретінде «Келешек» жинақтау жүйесін іске қостық. Дарынды балаларға, соның ішінде халықаралық олимпиада жеңімпаздарына жүйелі түрде қолдау көрсете бастадық. Болашаққа инвестиция салу дегеніміз де – осы. Ал, айналамызда, яғни Еуразия құрлығында қай мемлекет әлеуметтік мақсаттарға осыншама қомақты қаражатты бөліп беріп жатыр? Жауап белгілі сияқты», деді Президент.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді

Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа Конституция азаматтардың киберкеңістіктегі дербес деректерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.

Бөлісу: