АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Елордада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени кеш өтті

2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып ресми бекітілген еді. Осыған орай жыл сайын әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мәселен, Астана қаласының Жастар театрында Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт тілде шыққан таңдамалы мұра

Ана тіліміз Абайдан Ахмет Байтұрсынұлына аманатталып, ұлт ұстазы төрт құбыласын тең етіп, тіл білімін негіздеп, жазу емлесін қалыптап, мінекейіңіз деп бізге ұсынып кетті. Былтыр Ақаңның 150 жылдық мерейтойы аясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен таңдамалы шығармалары алғаш рет төрт тілде басылып шықты. Атап айтқанда, түрік, ағылшын, орыс тілдеріне аударылды. Мұндай орасан еңбекті қолға алып, абыроймен атқарып шыққан аталған орталықтың өкілдері және аудармашыларымен аз-кем сөйлескен едік.

Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті

Астана қаласында «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рух қорғаны

Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бақы (Баку) қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық түркітану сиезінде сөйле­ген сөзінде: «Мәде­ниет тірі табиғаттағы жаратылыс дамуының жалғасы ретінде өзінің дамуы үшін жайлы жағдайдың болуын талап етеді. Дәл осындай жағдай Ресейде тұратын түркі халықтарында болған жоқ.

Ұлт ұстазы ұлықталды

Ұлттың сапа деңгейін көтеруде Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі орасан. Рухани көсемнің ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдық мерейтойы елдігімізді танытты. Таяуда Ұлттық музейде Алаш ардақтысына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ұлт ұстазы ұлықталды

Түркістан қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұр­сынұлының 150 жыл­дық мерейтойына арналған Халықаралық түркітанушылар конгресі өтті.

Президент сапары: Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш ашылды

Президент Алматы қаласына барған жұмыс сапарында Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткішті ашты, деп жазады Egemen.kz.

«Азаттық асылы – мәдениетте»

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт қайрат­кері, қаламгер, ғалым ретінде қа­заққа не керек, соны көтерген, жа­­саған тұлға екені баршамызға белгілі. Ахаңның көптеген еңбегінде «мәдениет» ұғымы ұшы­расып, оны автор адамның таби­ғатты иге­ру үдерісімен, халықтың бос­тандығымен тығыз байланыстырады. Бұл, біріншіден. Жалпы, «Ах­мет Байтұрсынұлы және мәде­ниет» деген мәселеге келгенде, оған тағы да бір кеңірек қарауымыз керек. Ол Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мәдениетінің жаңа бетін аш­қан тұлға екендігімен байланыс­ты мәселе.

Ақаң көшелерінің мәдени бәсекесі

Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атын­да­ғы көшелер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Соңғы отыз жыл ішінде облыс аумағында оннан астам көшеге ұлт ұстазының есімі беріліпті. Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған салтанатты іс-шараға осы көшелердің тұрғындары, өңір зиялылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Ақаң мерейтойы – Түркия төрінде

Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай ТҮРKСОЙ ­аясында Ыстамбұл қаласында «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. Алқалы жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Маджидли Физули, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Ыстамбұл университетінің ректоры Махмут Ак, сондай-ақ осы шараны халықаралық деңгейге көтеруге атсалысып жүрген велошеруші, аудармашы Ернат Мелсұлы қатысты.