ҚҰҚЫҚ
ҚҰҚЫҚ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Жеңіл «табыстың» ауыр зардабы

Биыл наурыз айында «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң күшіне енді. Құжатта оңай ақша табуды көздеп, онлайн желілер арқылы есірткі айналымына тартылған азаматтарға қылмыстық жаза қарастырылған. Міне, содан бері 108 дроппер жауапкершілік арқалады.

Арын сатып, ант ұрып іздегені...

Халық тығыз орналасқан Түркістан облысында жерге қатысты дау-дамай толастаған емес, жайылым тапшылығы да өзекті мәселе. Бәйдібек ауданында жерге таласқан ағайындылардың бірі қару қолдануға дейін барып, екі арадағы дау екі адамның өліміне ұласқан-ды. Жер дауы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға Түлкібас ауданында да болды. Сайрам ауданында жерге таласқандар қару кезеніп, дау-дамайдың айдың-күннің аманында адам өліміне ұласуы елді дүрліктірген болатын. Жерге қатысты заңбұзушылыққа жол берген талай шенеунік істі болып, қызметімен қоштасты, бас бостандығынан айырылғандары да аз емес. Алайда қателіктен сабақ алмай, «еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп» заңбұзушылыққа баратын әкімдер, өкінішке қарай, әлі де бар.

Адам құқықтары – конституциялық құндылық

Кеше елордада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Судьяларды іріктеу тәртібі жеңілдеді

Болашақ судьялар үшін емтиханнан өту мерзімі қысқартылды. Конкурстық іріктеу енді бір жарым айда өтеді. Бірақ үміткерлерге қойылатын талаптар толық көлемде сақталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жоғары сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова айтты.

Сталкинг: нені білген жөн?

Сталкинг – жеке адамның еркіндігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін психологиялық қысымның бір түрі. Оны кейбіреулер елемеуге немесе «жай ғана көңіл бөлу» деп қабылдағанымен, мұндай әрекеттер жәбірленушінің өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан қоғам сталкингтің не екенін, оның белгілері мен салдарын дұрыс түсінуі маңызды.

Еңбек қатынасындағы заңдылық пен әділдік

Жаңа Конституцияда маңдай тер мен адал еңбек ұлттық стратегияның өзегіне айналған. Яғни еңбексүйгіштік елдік құндылық ретінде бекіп, адам капиталы мемлекеттің басты байлығы деп танылды.

Ел күзетіндегі ерлі-зайыпты

Тағдырлары бір арнаға тоғысқан, бір-біріне ғана емес, ел қауіпсіздігі мен антына да адал ерлі-зайыпты полицейлер аса көп емес. Себебі бұл саланың ыстығы мен суығына, ұйқысыз түндері мен жауапты сәттеріне бірге төтеп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал сол аздың ішінде өзіндік қолтаңбасымен, кәсіби біліктілігімен, адами қасиеттерімен көптің ризашылығын алып, үлгілі шаңыраққа айналған жас отбасының бірі – полиция капитандары Ғибрат Қайратұлы мен Менсұлу Дәулетқызы.

Тәртіп сақшысының парасаты

«Заң мен тәртіптің сақталуына үлес қосып, ел сенімін ақтау – полиция қызметкері үшін үлкен мәртебе әрі абыройлы міндет», дейді Астана қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Әділбек Разақов. Бала күнінен оқалы киім киіп, қоғамдық қауіпсіздік күзетінде еңбек етуді армандаған ол ішкі істер саласына көңіл қалауымен келгенін жеткізді.

Жас тергеушінің тәжірибесі

Қылмыстың ақ-қарасын анықтау, дәлел жинау, жәбірленуші мен күдіктінің уәжін тыңдау – тергеушінің күнделікті жұмысы. Бұл мамандық кәсіби білімді ғана емес, сабыр мен жауапкершілікті де талап етеді. Осындай қызметті атқарып жүрген жастың бірі – Павлодар қаласы полиция басқармасының тергеушісі Елнар Жұматаев.

Тұлғаларды түгендеген қайраткер

Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен ұлттық руханиятын жаңғырту ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлғалардың бірі – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның құрметті судьясы, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев. Ол бүкіл саналы ғұмырын заң үстемдігін орнықтыруға, сот жүйесінің беделін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнаған азамат.