ТАНЫМ
ТАНЫМ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Әділдік әлеуеті

Алаш зиялылары айтқандай, тарих – түзушіліктің кітабы. Тарихтың мақсаты – әділдік. Ол ұрпақтың қателіктен ада болуына қам жасайды. Ақиқаттан қия баспаған тарихтың ғұмыры ұзақ әрі халықтың мүддесіне қызмет етеді.

«Ұмытпаспын... ұмытпаспын... тірілттің»

Биыл «Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы «Татья­наның қырдағы әні» атты тарауының жазылғанына 90 жыл толады. Сол ұлы туынды оқырманымен қалай табысты, сол туралы Бейсекеңді – Бейсенбай Кенжебаевты есіме ала отырып, сыр суырт­пақтасам деймін.

Сағыныш

Ауылға асығып келемін. Сағынышқа толған жүрегім еркінен тыс дүк-дүк балға ұрғандай соғады. Бір сәт көз алдыма марқұм анамның мені күтіп жол қарап жүретін бейнесі елестейді. Көрші Егінбай әкемнің немересін алдына алып, ыңылдап ән салып отыратыны да, құрдасым Арманның ақжарма күлкісі де есімнен кетпейді.

Үздік болу идеологиясы

Қазіргі қоғамда «табысты болу» ұғымы өмірдің басты мақсатына айналған секілді. Әлеуметтік желіні ашсақ, көретініміз мінсіз өмір: қымбат көлік, үлкен үй, жаңа телефон, соңғы дизайндағы киім, саяхат, өз ісі бар кәсіпкер.

Үш алып жеткізген ой

Ұлтқа қызмет ету саяси күреспен ғана өлшенбейді. Халықтың көзін ашып, танымын кеңейтетін, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыратын рухани көпірлер де керек. Сондай көпір салған тұлғаның бірі – Әлихан Бөкейхан. Ол аудармашылық қызметі арқылы қазақ оқырманын әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерімен қауыштырды. Ги де Мопассан, Оскар Уайльд, Толстой, Чехов, Короленко, Мамин-Сибиряк шығармаларының қазақшаға тәржімеленуі – соның айғағы.

Батыс таныған Шоқан

Шыңғыс тұқымы, атағы мен айбыны үндескен, артына соны із қалдырған Шоқан Уәлиханов туралы жазуға дайындық керек сияқты. Осы мақаланы жазу барысында сонау 1956 жылы «Жаңа өмір» журналының баспасынан шыққан төте жазудағы шығармалар жинағын қайыра оқып шықтым. Бұл кітап маған қадірлі де қымбатты-тұғын. Себебі әріп танымайтын кезімде, атамның кітап сөресінде осы кітап тұратын. Қияқ мұртты, қыран көзді кісінің келбетін алғаш сол кітаптан көргенмін. Есейе келе оның Шоқан екенін білдім.

Арынғазы ханның ұрпақтары

Ақтау қаласының тұрғыны, зейнеткер дәрігер Әзірбай Жүрсінбайұлы Ораз Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1816­–1821 жылдары Кіші жүз ханы болған Арынғазы Әбілғазыұлының шөбересі Ғалиахметтің қызы Варвара мен оның анасы Нина Николаевнаның фотоальбомын табыстады. Фотосуреттерді Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Тұнбалық геология кафедрасының доценті, Ресей ҒА Биология институты Ботаникалық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Ресей ҒА жанындағы Палеонтология және орыс географиялық қоғамдарының толық мүшесі Сергей Михайлович Снигиревский сақтап келген.

Қарақабақта қазба жұмыстары басталды

Түпқараған ауданы аума­ғына орналасқан б.з. I–VI ғасырларына жата­тын көне сауда және қолөнер орталығы болған Қара­қабақ қала­шы­ғына қазба жұмыс­тары басталды. Архео­ло­­гиялық зерттеулер Қарақабақ арқылы осыдан 2000 жыл бұрын халықаралық сауда қа­ты­­настары жүргенін дәлел­дейді.

Берлинде бас қосқандар

Бұл суретте жеті адамның ортасында Алаш арыстарының бірі, ортаазиялық түркі туғандардың басын біріктіру үшін тер төккен тұлға Мұстафа Шоқай отыр. Фото 1923 жылы Берлин қаласында түсірілген.

Ясауи іліміндегі рухани еркіндік

Ғалымдар мен хакімдер неге халықты үнемі жақсылыққа үндеп, жамандықтан алыс болуға шақырады. Демек, адам шешімі мен қалауы жағынан еркін болмыс. Ал егер адам әуелден еркін жаратылыс болса, онда рухани еркіндікті мұрат тұтатын Ясауи ілімінің сыры неде?