Газет тарихы
«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры — Дихан Қамзабекұлы
Ғасырлық тарихы бар республикалық басылым — «Egemen Qazaqstan» газеті алғаш рет оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлейұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары редакторлық етіп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты.
Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста атауы «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газеттің бір күндік тиражы — 50 мың, апталық тиражы — 250 мың, интернет нұсқасының күндік қаралымы — 20–25 мың, апталық қаралымы — 140–150 мың. Газет барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады. 17 облыста және Шымкент қаласында меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
1919 жылдан бергі басшылар
- Халел Есенбаев (1892–1938)07.1919–02.1920
- Тәмимдар Сафиев (1892–1975)02.1920–04.1920
- Бернияз Күлейұлы (1899–1923)04.1920–10.1920
- Смағұл Сәдуақасұлы (1900–1933)01.1921–02.1921; 01.1925–04.1926
- Жүсіпбек Аймауытұлы (1889–1931)02.1921–10.1921
- Мұхтар Әуезов (1897–1961)11.1921–12.1921
- Әбдірахман Байділдин (1891–1931)01.1922
- Бейімбет Майлин (1894–1939)1922
- Сәкен Сейфуллин (1894–1939)1922–04.1924
- Молдағали Жолдыбайұлы (1887–1938)04.1924–12.1924
- Тұрар Рысқұлов (1894–1938)04.1926–06.1926
- Ораз Исаев (1889–1938)06.1924–07.1926
- Ораз Жандосов (1899–1938)07.1926–08.1926
- Ғаббас Тоғжанов (1900–1937)08.1925–05.1932
- Айтмұхамед Мусин (1899–1938)06.1932–03.1934
- Ғабит Мүсірепов (1902–1984)03.1934–05.1936
- Жанайдар Сәдуақасов (1898–1938)06.1936–09.1936
- Жүсіпбек Арыстанов (1904–1992)06.1937–06.1938
- Сақтаған Бәйішов (1909–1982)09.1938–12.1941
- Әмір Қанапин (1913–1998)01.1941–11.1942
- Балтабек Асанов (1907–1979)1942–1949
- Қасым Шәріпов (1912–1984)03.1949–12.1951; 08.1955–09.1960
- Қабыл Бекмұратов (1914–1980)12.1951–1952
- Ғұмар Аққұлов (1912–1957)1952–1955
- Кеңесбай Үсебаев (1914–1995)1960–1969
- Ұзақ Бағаев (1930–1973)1969–1973
- Сапар Байжанов (1930–1999)11.1973–02.1983
- Балғабек Қыдырбекұлы (1929–1995)04.1983–01.1987
- Көрік Дүйсеев (1936–2007)01.1987–11.1989
- Шерхан Мұртаза (1932–2018)11.1989–10.1992
- Әбіш Кекілбайұлы (1939–2015)10.1992–01.1993
- Нұрлан Оразалин (1947)10.1993–07.1996
- Уәлихан Қалижанов (1948)07.1996–12.1998
- Ержұман Смайыл (1948–2018)12.1998–12.2000; 2003–2004
- Сауытбек Абдрахманов (1951)2000–2003; 2004–04.2016
- Еркін Қыдыр (1962)04.2016–07.2016
- Дархан Қыдырәлі (1974)07.2016–09.2022
- Дихан Қамзабекұлы (1966)09.2022 — қазірге дейін