Жаңалықтар
1 мин оқу 295

Жалын жайлаған базар

Бостандық көшесіндегі «Дария» атты іргелі базарды қы­зыл тілі сумаңдаған өрт жайлады. Бұл жайлы хабар түсісімен төтенше жағдайлар жөніндегі де­партаменттің «Өрт сөндіру және апаттық құтқару» мемлекеттік мекемесінің бірнеше бөлімшесі оқиға болған жерге шұғыл жетіп, бірден ауыздықтауға кірісті. Өрт сөндіруге 11 техника, 38 адам жұмылдырылып, қауырт қимылдың арқасында одан әрі өршуіне жол берілмеді. Базарды жайлаған жалын кезін­де үш сауда павильоны, сауда орнының екі­қабатты ғи­маратына қосалқы жапсар­жай­тың шатырына зақым келді. Құр­бандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері мен келтірілген зиян мөлшері анықталуда. Евгений ЖУРАВЛЕВ, ОТЖД-нің бас маманы ПЕТРОПАВЛ
Бөлісу:
Жалын жайлаған базар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар