Жаңалықтар
1 мин оқу 223

Қақтығыс кезінде 130 содырдың көзі жойылды

19-05-2016 afganistanАСТАНА. 19 мамыр. Ауғанстанда үкімет әскері соңғы бір күн ішінде арнайы операция кезінде 130 содырдың көзін жойды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауғанстанның қорғаныс министрлігі «Талибан» ұйымымен қақтығыс кезінде 10 жауынгердің қаза тапқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, бұл іс 18 провинцияда жүргізілгені белгілі болды. Мәліметтер бойынша, жыл сайын таулы аймақтарда қар ерігеннен кейін аталған топтың содырлары көктемгі шабуылын бастайды. Осының алдын алу үшін ел әскері «Талибан» экстремистеріне қарсы кең ауқымды әскери қимылдарын ұйымдастыра бастады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.
Бөлісу:
Қақтығыс кезінде 130 содырдың көзі жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар