Жаңалықтар
1 мин оқу 200

Елбасы Мысыр президентіне көңіл айтты

06-04-2016AkordaАСТАНА. 19 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб республикасының президенті Әбдел Фаттах Әс-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеделхатта мысырлық авиакомпания ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, мысыр халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.    
Бөлісу:
Елбасы Мысыр президентіне көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар