Жаңалықтар
1 мин оқу 284

КХДР лидері Ким Чен Ын темекі шегуді тастады

22-05-16-kim_chen_yn-1

АСТАНА. 22 мамыр. Солтүстік Кореяның 33 жастағы лидері Ким Чен Ын темекіге қарсы ұлттық компанияны қолдауға шешім қабылдады. Бұл туралы Reuters дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұның алдында Ким Чен Ын нағыз шылымқор болған екен. Оның қолына темекі ұстап тұрған сәттері көптеген ресми жиындар мен қабылдаулар барысынан түсірілген суреттерден де көрінеді. Алайда, биылғы жылғы наурыз айында ол темекі шегуді тастауға бірден шұғыл шешім қабылдапты. Осылайша темекіге қарсы ұлттық компанияны қолдап кеткен. Оңтүстік Кореядағы дереккөздердің мәліметтерінше, Ким Чен Ын көпшілік алдына КХДР наурыздың ортасында баллистикалық ракетаны сынақтан өткізген уақыттан бері темекімен шықпаған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпары бойынша, Солтүстік Кореяның ерлер қауымының жартысынан астамы темекі шегеді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Reuters.
Бөлісу:
КХДР лидері Ким Чен Ын темекі шегуді тастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар