Жаңалықтар
1 мин оқу 192

Боксшылар Литвада төрт алтын медаль жеңіп алды

23.05.2016 AST-9 АСТАНА. 23 мамыр. Литваның астанасы Вильнюс қаласында бокстан ересектер арасында Альгирдас Социкасты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарыста Қазақстан боксшылары 4 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алып,  жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Қайрат Ералиев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко турнирдің жеңімпазы атанды. Берік Әбдірахманов күміс жүлдеге ие болды. Әділбек Ниязымбетов турнирдің үздік боксшысы атанды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kfb.kz
Бөлісу:
Боксшылар Литвада төрт алтын медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар