Жаңалықтар
1 мин оқу 181
Ақтөбеде халықаралық өнеркәсіптік көрме өткізілді
АҚТӨБЕ. 25 мамыр. Ақтөбеде «MinTech-АқтөбеМұнайХим-2016» тау-кен ісі, металлургия, энергетика және мұнай химиясы жөніндегі халықаралық көрме өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Көрмені ұйымдастыруға облыс әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлер одағы, сондай-ақ аймақтағы ең ірі кәсіпорын- «Қазхром» ТҰК» АҚ ұйтқы болды. Сонымен бірге, ұйымдастырушы әріптестер қатарында болған «Орталық Азия тау-кен өнеркәсіп одағы», «Глобал-Арнайы киім» компаниялары да қолдау көрсетті.
Бұл көрмеге Ресей, Германия, Швеция, Швейцария, Украина, Қытай, Түркия, Қырғызстан елдерінің қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтарды өндіруші 70-ке жуық компаниялары қатысты.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz
Бөлісу: