Жаңалықтар
1 мин оқу 183
Геннадий Головкиннің промоутері маңызды ақпарат айтты
АСТАНА. 26 мамыр. Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі міндетті түрде болатынын айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Келіссөздер жалғасуда. «Канело» – Головкиннің басты мақсаты. Біз жекпе-жекті ұйымдастыру үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл кездесу - «жыл айқасы» болады. Сауль мұны жақсы түсінеді. Алда әлі уақыт бар. Альварес-Головкин кездесуін ұйымдастырамыз деген ойдамын», деді Том Леффлер.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті.
Бөлісу: