Жаңалықтар
1 мин оқу 160
Теннисші Андрей Голубев турнирдің жеңімпазы атанды
АСТАНА. 31 мамыр. Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Италияның Виченце қаласында «Челленджер» сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде хорват Никола Мектичпен бірге бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Олар финалда португалиялық Густаво Элиас пен бразилиялық Фабрицио Неишаны 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 42 500 еуро сыйақы алды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: ktf.kz
Бөлісу: