Жаңалықтар
1 мин оқу 820

«Бұзық» бұршақ

«Бұзық» бұршақБиыл Маңғыстау өңірінде күн жаңбырлы болды. Тіпті, жаңбыр соңы ірі бұршаққа ұласты деуге болады.  Маңғыстау ауданы аума­ғындағы теміржол бойында нөсер жауын салдарынан «Алматы – Маңғышлақ» жолаушылар пойызы бөгелсе, Сай-Өтес ауылында үлкендігі тауықтың жұмырт­қасындай бұршақ жауған. Мәселенің мән-жайын анықтамақ болып, ауыл тұрғындарымен телефон арқылы тілдескенімізде, ірі бұршақтар үйлердің шатырлары мен терезелерін, көліктердің әйнектерін тесіп, сындырған. Ауыл тұрғындары сатыр-сұтыр еткен бұршақ жауыны салдарынан 2-3 сағат бойы жарықты сөндіріп, үйден шықпай отыруға мәжбүр болған. Жаздың алғашқы күндерінің бірі ойран-топыр еткен бұршақтың лаңын жұрт әр саққа жүгіртіп жоруда. Бірі – адамдардың ниетіне қарай көрінген ескерту десе, екіншілері табиғаттың адамзат түсіне бермейтін тосын мінездерінің бірі деп бағалауда. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы
Бөлісу:
«Бұзық» бұршақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар