Жаңалықтар
1 мин оқу 224

АВВА тобы 34 жылдан кейін концерт берді

07.06.2016 AST-4 АСТАНА. 7 маусым. Швециялық атақты АВВА тобы 1982 жылдан кейін алғаш рет бірігіп концерт берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Концертті өнерпаздар топтың негізін қалаушы Бьорн Ульвеус пен Бенни Андерссеннің достығының 50 жыл толуына байланысты қойды. Концерт Стокгольмде шағын жиын-тойда болды. Бұған дейін АВВА тобының өнерпаздары 1 миллиард АҚШ долларын  берсе де ешқашан бірге сахнаға шықпаймыз деген болатын. ABBA квартеті 1972 жылы құрылған. Олар 10 жылда 8 альбом шығарған. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: eurovision.tv 07.06.2016 AST-5  
Бөлісу:
АВВА тобы 34 жылдан кейін концерт берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар