Жаңалықтар
1 мин оқу 470
Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
АСТАНА. 8 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен:
Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 маусым
№95
Дерек, фото: akorda.kz.Бөлісу: