Жаңалықтар
1 мин оқу 123
Футбол. Америка Кубогы: Колумбия ширек финалға шықты
АСТАНА. 8 маусым. АҚШ-та футболдан өтіп жатқан Америка Кубогы турнирінде А тобының командалары екінші матчтарын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
АҚШ құрамасы Коста-Рика командасын кездесіп, 4:0 есебімен жеңсе, Колумбия Парагвайды 2:1 есебімен ұтты. Колумбия алты ұпай алып, ширек финалға шықты. Осы топта Құрама Штаттардың ойыншылары бүгінгі жеңістен кейін екінші орында келеді. Келесі айналымға АҚШ шығатын сияқты. Ал бір-бірден ұпайы бар Парагвай мен Коста-Рика командаларына ширек финалға шығу оңай болмайды. Олардың екеуінің біреуі ¼ финалға шығу үшін АҚШ пен Колумбияны ірі есеппен жеңу керек. Ал бұл айтуға оңай болғанымен, мүмкін емес. Келесі ойында Америка Құрама Штаттары Парагваймен, Коста-Рика Колумбиямен кездеседі.
Ертең В тобының құрамалары жасыл алаңға шығады. Бразилия Гаитимен, Эквадор Перумен ойнайды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz
Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.
Бөлісу: