Жаңалықтар
1 мин оқу 221

Пеле барлық жүлделерін сатып жіберді

10-06-2016 pele Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) хабарлауы бойынша «футбол королі» Пеле арнайы ұйымдастырылған аукционда осыған дейін жеңіп алған барлық жүлделерін жалпы сомасы 4,4 миллион еуроға сатты. Іс-шара 7-9 маусым күндері Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтті. Өткен ғасырдың үздік ойыншысы өзінің медальдарын, кубоктарын, жеке сыйлықтарын – барлығы екі мыңға жуық затты бәссаудаға шығарды. Пелеге арнап дайындалған Жюль Риме кубогінің көшірмесі қомақты қаржыға сатылды. Швейцарияның сағат шығаратын компанияларының бірі тарихи затты 500 мың еуроға сатып алды. 1974 жылға дейін марапат әлем чемпионатында жеңіске жеткен командаға берілген. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.
Бөлісу:
Пеле барлық жүлделерін сатып жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар