Жаңалықтар
1 мин оқу 163

Кеңестің кезекті отырысы

Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.С.Смолинның басшылығымен, Заңгерлер одағының, Судьялар одағының, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста сот жүйесінің ұйым­дық-кадрлық мәселелері, оның ішінде жергілікті соттардың кей­бір төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қыз­меттен босату туралы мәселе­лер қаралды, аудандық сот төраға­сының, облыстық сот төраға­сының және сот алқалары төраға­ларының, Жоғарғы Сот судья­сының және сот алқалары төра­ға­ларының лауазымына кадр ре­зерві қа­лыптастырылды, Сот жю­риі­нің жұмысы туралы  ақпарат тыңдалды. Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.  Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Бөлісу:
Кеңестің кезекті отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар