Жаңалықтар
1 мин оқу 174

Астана әуежайында ұшақтың дөңгелектері жарылып кетті

16.06.2016 AST-4 Бүгін сағат 13.37-де Ту-134 ұшағы Астана қаласына қонған кезде ұшақтың сол жақтағы дөңгелегіне бекітілген екі қозғалмалы төрт пневматикалық дөңгелек жылдамдықтың екпінімен жарылып кетті. Экипаж зардап шеккен жоқ. Ұшаққа зақым келмеген.  Бұл оқиға ұшу жолағында жатқан белгісіз заттың кесірінен болған. Ұшқыштан қате кеткен жоқ. Ол ұшақты штаттық режімге сәйкес қондырды. Дастан Кенжалин. Дерек: Қорғаныс министрлігі. Фото: egemen.kz
Бөлісу:
Астана әуежайында ұшақтың дөңгелектері жарылып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар