Жаңалықтар
1 мин оқу 206

Елбасы «Эксон Мобил» басшысымен кездесті

17.06.16-Prezident Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға компанияның қатысуы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ, бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды. Мемлекет басшысы бірлесіп жүргізген жұмыстар кезеңінде қол жеткізілген табысты ынтымақтастыққа назар аударды. Рекс Тиллерсон Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылдары еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ, «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.
Бөлісу:
Елбасы «Эксон Мобил» басшысымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар