Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Жаңа емхана пайдалануға берілді

Жарқайың ауданының орталығында 70 орын­дық жаңа емхана пайдалануға берілді. Бұл мекеме «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының «Дәрiгерлiк амбулатория, фель­д­шерлiк-акушерлiк пункт және емхана құрылысы» жобасы шеңберінде тұрғызылды. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 916 млн. теңгені құрайды. Денсаулық кешені тәулiгiне 70 адам­ға қызмет көрсете алады. Жұртшылықты құттықтау сөзінде аудан әкімі Асқарбек Үйсінбаев Астана күні мере­кесі қарсаңында ашылған әлеу­меттік нысанның маңызы орасан екендігін айта келіп, құры­лысты сапалы жүргізген «Уральс­к­стройинвест» ЖШС ұжы­мына алғыс сезімін жеткізді. Заманалық медициналық жаб­дықтармен қамтамасыз етілген емхананың көпсалалы дәрігерлері көмекке жүгінген кісілерді қабыл­дай бастады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы, Жарқайың ауданы  
Бөлісу:
Жаңа емхана пайдалануға берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар