Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Премьер-Министрмен кездесу

Кеше Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, АИВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесуі өтті. Кәрім Мәсімов Мишель Сидибеге АИВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу, эпидемиологиялық бақылау мәселелерінде біздің елімізге қолдау көрсетіп, жәрдемдескені үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, М.Сидибе Қазақ­станның ЖИТС індетімен күрес­тегі тиімді жұмысын атап өтіп, денсау­лық сақтау саласында екі жақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығын білдірді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Премьер-Министрмен кездесу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар