Жаңалықтар
1 мин оқу 190
Кәсіпкер спорт кешенін салуға 480 млн. теңге жұмсады
[caption id="attachment_48309" align="aligncenter" width="700"]
Фото: Хайреден Раушанов[/caption]
Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» шағын ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Hammer» жеке спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Hammer» спорт кешенінің құрылтайшысы - жеке кәсіпкер Замзагүл Баймағамбетова бұл нысанды салуға 480 миллион теңге жұмсапты.
Нысанның жалпы аумағы – 3800 шаршы метрді, спорт кешенінің алаңы -2800 шаршы метрді құрайды. Мұнда 50-ге жуық жаңа жұмыс орыны ашылды. Су жаңа спорт кешенінің бірінші қабатында «фито-бар», екі бассейн, «спа-салон», «хамам-моншасы», фитнес-йога, таэквондо және басқа да жаттығу залдары орналсқан. Екінші қабатта спорттың ойындық түрлері - футбол, волейбол, теннис залы бар.
Спорт кешенінің құрылысын жүргізген «Артельресурс»ЖШС директоры Бақытқали Көшербаевтың айтуынша, еңселі ғимараттың құрылыс жұмыстарында 100 ақтөбелік еңбек еткен.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ
Ақтөбе облысы.

Бөлісу: