Жаңалықтар
1 мин оқу 350
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президент Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 4 ақпан. №1149
Бөлісу: