Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Транзиттік әлеуетті арттыру маңызды

01-07-02-02Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында ком­панияның қазіргі қызметінің мә­селелері, теміржол саласындағы ауқымды инвестициялық жо­балардың жүзеге асырылу бары­сы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арнал­ған жоспарлар талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық тұрғыдан дамуы үшін Қазақстанның көлік-ло­гистикалық инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетін одан әрі ұл­ғайтудың маңыздылығын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Транзиттік әлеуетті арттыру маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар