Жаңалықтар
1 мин оқу 302

Телефон арқылы сөйлесті

Akorda үлкеніЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Гүл Қазақстан Президентін алдағы Ораза айт мейрамымен және Астана күнімен құттықтады. Сонымен қатар, ол БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2017-2018 жыл­дар­­дағы тұрақты емес мү­ше­лігі сай­­лауындағы Қазақстанның тарихи жеңісіне байланысты өз құт­тық­тауын жеткізді. Мемлекет басшысы түрік сая­саткерінің екі ел арасындағы бауыр­ластық байланыстарды нығай­ту­дағы еңбегін жоғары бағалай­тынын айтты.
Бөлісу:
Телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар