Жаңалықтар
1 мин оқу 252
Мұнайшылар автобусы отқа оранды
Ақтаудан Жаңаөзен қаласына қарай 44 шақырым қашықтықта, күре жолдың бойында мұнайшылар автобусы өртеніп кетті.
Өлкедегі ең ірі мұнай кәсіпорны – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-қа қарасты автобус Жетібайдан вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнайшыларды алып келуге бара жатқан беті екен. Қуанышқа орай, автобус іші бос болған және жүргізуші кабинадан шығып, қауіпсіз жерге жетіп үлгерген.
Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер тілсіз жаудың ауыздықталғандығын, бірақ автобустың толық жанып кеткенін айтқан. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысыБөлісу: