Жаңалықтар
1 мин оқу 380

Рим папасы: Исламды терроризммен шатастыруға болмайды

[caption id="attachment_54103" align="aligncenter" width="700"]010816-rim papasi Фото: tass.ru[/caption] Рим папасы Франциск ислам дінін терроризммен шатастырмауға шақырды. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ол Рим қаласынан Польшаға кетіп бара жатқанда мәлімдеген. «Маған мұсылмандардың кемшін тұстарын айту ұнамайды. Себебі, мен күн сайын газет беттерінен осында, Италияда да, басқа жерде болсын, біреу өзінің сүйіктісін, енді бірі енесін өлтіргені туралы жағымсыз хабарларды оқимын. Оны жасағандар – шоқынған христиан католиктері. Сондықтан, айту керек болса, мұсылмандардың ғана емес, католиктердің де істеп жатқан зорлық-зомбылықтарын бірге айту керек», – деді ол. Аян ӘБДУӘЛИ
Бөлісу:
Рим папасы: Исламды терроризммен шатастыруға болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар