Жаңалықтар
1 мин оқу 262

Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 53 адам қаза болды

[caption id="attachment_55067" align="aligncenter" width="640"]afp.com afp.com[/caption] Пәкістанның Кветта қаласындағы ауруханада жарылыс болып, кем дегенде 53 адам қаза тапты, деп хабарлады ria.ru. Тағы ондаған адам жарақат алған. Жарылыс дүйсенбі күні таң ата, Белуджистанның адвокаттар алқасы қауымдастығының бұрынғы президенті Біләл Әнуар Касидің өлімінен бірнеше сағат өткен соң болған. Заңгердің денесі ауруханаға жеткізілгеннен кейін, мұнда марқұмның әріптестері мен таныстары, сондай-ақ журналистер жиналған. Осы сәтте ауруханада жарылыс болған. Полицияның ақпары бойынша, жарылыстан кейін белгісіз біреу оқ атқан. Айдар ӨРІСБАЕВ 
Бөлісу:
Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 53 адам қаза болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар