Жаңалықтар
1 мин оқу 252

Рио-2016: Дзюдошы Мариан Ордабаева жарыстан шығып қалды

09-08-16-ordabaeva-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда бүгін татамиге шыққан қазақстандық дзюдошы Мариан Ордабаева өзінің турнирдегі бірінші белдесуінде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Мұнда 63 кг салмақта қытайлық Ян Цзюньсямен ұшырасқан Мариан жекпе-жектің бірінші минутында қарсыласының қолын ауыртып жасайтын тәсіліне түсіп қалып, жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. Енді біздің құрамадан тек 100 кг салмақтағы Максим Раков қана қалды. Ол 11 тамыз күні татамиге шығады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Бөлісу:
Рио-2016: Дзюдошы Мариан Ордабаева жарыстан шығып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар