Жаңалықтар
1 мин оқу 372

Жер реформасы жөніндегі комиссия көп кемшілікті анықтады

13.08.16-jer 2 Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында экономикалық топтың жетекшісі Ақылбек Күрішбаев жерге қатысты ауылшаруашылық саласындағы кемшіліктер мен олқылықтардың барын айтты. «Жер мәселесі бойынша құрылған комиссия жұмысының арқасында біздің экономикалық тобымыз ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторинг пен кадастр жүйесінде орын алған мәселелерді жіліктеп тұрып анықтап берді. Мен бүгінгі Жер кодескіне мораторийды 5 жылға созу туралы ұсынысты қолдаймын. Қазіргі кезде 5 жылға өз азаматтарымызға жерді сатуға, сондай-ақ, шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруді тоқтатып, мораторий жариялағанымыз дұрыс. Осы 5 жылдың ішінде Үкімет талқыланған мәселелер бойынша қарқынды әрі нәтижелі жұмыс атқару керек. Ал ұзартылған мерзім аяқталғаннан кейін жерді реформалау мәселесі бойынша қайтадан сарапаталып, қазіргідей қоғамдық талқылауға шығарылып, талқылануы керек», – деді ол. Динара БІТІКОВА
Бөлісу:
Жер реформасы жөніндегі комиссия көп кемшілікті анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар