Жаңалықтар
1 мин оқу 326

Жапонияда аптап ыстықтан 5,5 мың адам ауруханаға түсті

17-08-16-Japonia Жапонияда бір аптадан бері ауа райы аптап ыстық болып тұр. Осының салдарынан Хонсю, Кюсю аралдары мен Токио қаласының тұрғындары дәрігерлер көмегіне жүгінуде. Медициналық қызметкерлердің айтуынша, ауруханаға түскен науқастардың жағдайлары қалыпты. Тек 5 адамның денсаулығы ауыр деп бағалануда. Әзірге синоптиктер күн райы жоғарғы температураны көрсетеді деп болжап отыр. Яғни, бұл елде 40 градустан асатын аптап ыстық сақталады. Айта кетейік, Жапонияда тамыз айының алғашқы аптасында ыстықтан 6 700 адамның денсаулығы сыр беріп, 12 тұрғын қайтыс болды. Талғат РАЙЫМБЕК  
Бөлісу:
Жапонияда аптап ыстықтан 5,5 мың адам ауруханаға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар