Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Вице-министр тағайындалды

19-08-16-AlanҚазақстан Республикасы Үкіметінің қау­лы­сымен Алан Ғазизұлы Әжібаев Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. Ол 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, деп хабарлады Ақпа­рат және коммуникациялар министрлігінің бас­пасөз қызметі. Бірнеше рет журналистика және телерадиохабарларын тарату бойынша түрлі халықаралық семинарлар мен көрмелердің қатысушысы болған, Ланкшир университетінің (Ұлыбритания) «БАҚ Менеджменті» серти­фи­катының иегері. 2016 жылғы қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болған, Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының иегері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Бөлісу:
Вице-министр тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар